ОҚО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырма жылдығы атты біріңғай сағат өткізілді

«2018 жылға арналған Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарына» сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырма жылдығы» атты жаппай бірыңғай сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарын кеңінен түсіндіру.

Біріңғай сағат бір уақытта облыс көлемінде орналасқан барлық орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында, орта арнаулы және  жоғары оқу орындарында  өткізілді.

Іс-шара аясында Елбасының биылғы жолдауының 9 міндеті сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен дамытудың негізгі кезеңдері талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *