ОҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАМАУДЫ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛУДЕ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-мен «Под небом правды» атты деректі фильмі дайындалды.

Фильм Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясын нығайту шеңберінде дайындалды.

    Ағымдағы жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратында мемлекеттік қызметшілерге, үкіметтік емес, жастар, кәсіподақ ұйымдары, діни және әйелдер бірлестіктеріне және тағы басқа азаматтық қоғам институттарына ұйымдастырды.

Іс-шараны Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы ашып берді.

Ғанижан Асанұлының айтуынша, аталған фильм арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру көзделген. Сыбайлас жемқорлықпен күресті қоғам болып жүргізудің маңызы өте зор. Фильмде әр сала өкілдерінің, жастардың, тіпті балалардың пікірлері жинақталған.

Аталған фильм мұнымен тоқтап қалмай, облыстың барлық аудан, қалалары мен ЖОО-да, сондай-ақ «ONTUSTIK» телеарнасында көрсетілді. (http://shymkenttv.kz/kz/archive/programs/akparattyk_saraptamalyk/arnayi_reportazh/723655).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *