ОҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАҚЫРЫБЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ

2018 жылдың 30 наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) басшысы Ә.Көмекбаев және Арнайы мониторингтік топтың төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ә.Исабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берді.

«Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауының 9-шы бағытында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес әрі қарай жалғаса беретінін атап өтті» – деп хабарлады Әли Амантайұлы. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – қоғаммен кері байланысты орнату.

Қазіргі таңда Департаменттің негізгі қызметіқызметтердің сапалы, әрі уақытылы көрсетілуін қадағалау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады

ОСЫ ОРАЙДА, ОҚО ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЖАЗАҒА ТАРТУ ЕМЕС, КЕРІСІНШЕ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.

Бұл туралы сөз еткен Департамент басшысы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын профилактикалық мәселелердің үлесі артқанын айтты. Мәселен, 2016 жылы 91 іс қаралған болса, оның  8 (9%) профилактикалық мәселелер болса, 2017 жылы 117 іс қаралып, оның  49 (42%) профилактикалық мәселелер болған. Нәтижесінде, қаралған профилактикалық мәселелердің үлесі 5 есеге өсті.

Жергілікті мекемелерге көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар мамандары ХҚКО мен мекемелерге бармай электрондық портал арқылы алуларын қамтамасыз ету мақсатында Департамент тарапынан облыстың барлық саладағы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарына және барлық мектеп директорлары мен информатика пәндері мұғалімдеріне бірнеше мастер-класстар, сонымен қатар,мектеп оқушылары үшін КВН ұйымдастырылды.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, қызмет алушы мен қызмет берушілер арасындағы тікелей байланыс 2 есе төмендеді.

Өз кезегінде, электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар қызметтердің үлесі
2018 жылдың 2 ай қортындысы бойынша 75%-ға өсті. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың соңында 52,6% болған.

Сонымен қатар, 8,5 МЫҢНАН аса мемлекеттік қызметшілер және білім, денсаулық саласының 105 МЫҢНАН аса мамандары  бүгінгі таңға ХҚКО бармай сұранысқа ие қызметтерді электронды түрде алуда.

ҚОҒАММЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

2018 жылдың 28 ақпанында облыс әкімнің қолдауымен өткен жиналыста мектептерде сыйлықтар алу, ата-аналар мен оқушылардан негізсіз ақша жинау деректерін болдырмау мақсатында облыстағы білім беру ұйымыдарының көрнекі жерлеріне Департаменттің  «WhatsApp» (8-775-869-21-21), 51-51-51 сенім телефоны жадынамалары ілініп, Департаменттің memkyzmet.kz сайтында «білім» айдары ашылды.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН СЫРТҚЫ ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ОБЛЫСТА, АУДАН,ҚАЛАДА АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП ҚҰРЫЛДЫ.

Арнайы мониторингтік топ басшысы Ә.Исабаев Арнайы мониторингтік топтың мақсаты мен міндеттеріне, алдағы қойған жоспарларына тоқталып, топтың әлеуметтік желілерде «Арнайы мониторинг тобы ОҚО» парақшалары, сонымен қатар, «WhatsApp», телеграмм нөмірлері бар екендігінен хабардар етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *