ОҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАҚЫРЫБЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ

2018 жылдың 19 сәуір күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берді.

Брифингке Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшеcі этнодизайнер Ы.Тұрсынзада, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин, Агенттіктің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Тастеміров қатысты.

Брифинг барысында Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшеcі оңтүстік өңіріне жасаған екі күндік сапарларындағы ойымен бөлісті.

«Агенттік қоғаммен тығыз байланысқа, азаматтармен тікелей қарым-қатынасқа үлкен мән береді. Осындай кездесулер мен шараларда біздің өңірлердегі тұрғындармен әңгімелесуге, сіздерді толғандыратын мәселерді көтеруге мүмкіндігіміз бар. Құрметті оңтүстікқазақстандықтар белсенді азаматтық ұстанымдарыңызды көрсетуге, яғни осы әлеуметтік дертпен күреске белсене қатысуға шақырамын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру халықтың тиісінше құқықтық санасы болмайынша мүмкін емес» деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Тілектесұлы.

Департамент басшысы Әли Амантайұлы облыста құрылған арнайы мониторингтік топтың жұмысына тоқталып, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы шеңберінде сөз қозғаса,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Айдар Нұрманұлы облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар мен нәтижесі туралы баяндады.

Брифинг соңында Республикалық арнайы топ мүшелері оңтүстік өңіріне оң бағаларын беріп, қонақжайлылықтарына алғыс айтты.

Айта кетейік, екі күндік сапары аясында Республикалық арнайы мониторингтік топ бірқатар мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің жұмысымен танысып, мемлекеттік органдардың басшыларымен, аудан,қала  әкімдерімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *