ОҚО-да мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша пресс-конференция өтті

Пресс-конференцияда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғанижан Асанұлы бүгінгі таңда Агенттіктің негізгі бағыты тек тәртіптік шара қолдану емес, керісінше тәртіптік теріс қылықтарды алдын-алуға бағытталғанын айтты.

Мәселен, ағымдағы жылы Әдеп жөніндегі кеңесте 22 мәселе, оның ішінде профилактикалық бағытта 11 есеп және 11 тәртіптік іс қаралды.

Сондай-ақ, Департамент тарапынан Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралған тәртіптік істер сараланып, барлық мемлекеттік органдарға тән кездесетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына алдағы уақытта заңбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында профилактикалық бағыттағы хаттар жолдау тәжірибесі қолға алынған.

Департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екендігі атап өтілді.

2017 жылы Департаментке өз құқықтарын қорғап өтініш жазған 6 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалып, қалпына келтірілген.

Өтініштерде атқаратын лауазымынан босату туралы аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеу, заңсыз тәртіптік жаза қолдану, мемлекеттік орган қайта құрылған кезде заңға сәйкес лауазым ұсынбау, атқаратын лауазымынан заңсыз босату деректері қамтылған.

Сонымен бірге, 2017 жылы мемлекеттік қызметшілердің іссапар шығындарының төленуіне зерделеу жүргізу барысында облыстағы 1598 мемлекеттік қызметшіге іссапар шығындары Заңда белгіленген мерзімде төленбегені анықталған.

Аталған мәселе Әдеп жөніндегі кеңесте талқыланып, нәтижесінде мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолданып, жоғарыдағы 1598 мемлекеттік қызметшіге іссапар шығындарының толық төленуі қамтамасыз етілген.

2018 жылы Агенттіктің кешенді жоспарына сай, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында Департаментпен облыс орталығындағы мемлекеттік қызметшілер арасында олардың құқықтарын қорғау мақсатындағы анонимді сауалнама жүргізілген.

Сауалнамада мемлекеттік қызметшілерге заңсыз тәртіптік жаза қолдану деректерінің бар немесе жоқтығы; жұмыстан тыс уақыттарда жұмыс атқару; тұрғын үй, жерге мұқтаждық; медициналық көмек және спортпен шұғылдану; іс-сапар шығындары мен кезекті еңбек демалыстарына қатысты мәселелер қамтылған.

Сауалнама қорытныдысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілердің құқықтары сақталмаған мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалынып, оларға мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша тапсырмалар берілетін болады.

Сонымен қатар Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыру мақсатында 2018 жылға кешенді жұмыс жоспарына сәйкес дайындалған «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» pocketbook-ты (қалта кітапшасын) барлық мемлекеттік қызметшілерге таныстырып, үнемі өздерімен алып жүру үшін облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерге жолданған.

Рocketbook-те мемлекеттік қызметшілер күнделікті өмірде кездесіп жататын әр-түрлі жағдайлардан дұрыс шығу жолдары мысалдармен көрсетілген.

Яғни, pocketbook мемлекеттік қызметшілердің қалтасында үнемі жүретін, тиімді құралға айналатын болады.

Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізіліп, бүгінгі таңда мемлекеттік органдарда Әдеп жөніндегі уәкілдер өз жұмыстарын атқаруда.

Әдеп жөніндегі уәкіл Әмірдин Мұхиденұлы Әлішевтің мәліметінше жеке қабылдауларда 2017 жылы 34 мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтар толғандырып жүрген сұрақтарын көтеріп, оларға жауаптар алған.

Әдеп жөніндегі уәкілдің облыс әкімі аппараты ғимаратындағы жеке қабылдауында 23 адам болып, жазған арыздары заң талаптарына сай тексеріліп, жауаптар берілген.

Кейбір сымтетік арқылы қойылған сұрақтарға түсіндірмелер берілген.

Егер де азаматтар мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын сақтамаған деректер орын алған жағдайда, Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына және WhatsApp желісі арқылы +77758692121 телефон нөміріне хабарлама қалдыруға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *