«Отан отбасынан басталады» бейнеролик байқауының Ережесі

«Отан – отбасынан басталады» бейнеролик байқауының ұйымдастырушысы (бұдан әрі – Байқау) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті болып табылады.

 

Байқаудың мақсаты:               

1) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мен нығайтуда отбасы институтын күшейту;

2) балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарын көрсету және кеңінен насихаттау.
Жалпы ережелер:

Байқау Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аумағында ашық түрде өткізіледі.

Байқауға сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және адалдық принциптерін нығайтуға ықпал ететін мәдениеттерді белгілейтін бейнероликтер қабылданады.

Байқау Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кірмейтін және бұрын сотталмаған отбасылар қатысуға құқылы.

Конкурсқа қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар жіберіледі.

Департамент байқауға қатысты жұмыстарды 2018 жылғы 13 шілдеге дейін қабылдайды.

Содан соң бір мезетте 17 шілде сағат 11.00-де memkezmet.kz сайтының «Байқау «Отан отбасынан басталады» бөлімінде барлық бейнероликтер жарияланады. Дауыс беру «Ұнайды» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.

 

Байқау келесі номинациялар бойынша бағаланады       

  1. Үздік идея;
  2. «Ұнайды» дауысын көп жинаған» (жеңімпаз интернет дауыс беру арқылы таңдалады);
  3. Сапалы сурет.

 

 

Байқауға қатысушылар келесі байқауға жобалармен таныстырады:

Отбасы мүшелерінің қатысуымен бейнеролик (1,5 минуттан аспайтын).

Байқаудың материалдары электронды түрде (байқау жұмыс тобының мекен-жайы: Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 3 немесе intensiv2015@mail.ru электронды поштасына «Байқауға бейнеролик» Мысалы: «Қазғұрт ауданы. Бекбаевтар отбасы».

 

Байқау жұмыстарын бағалау критерилері:     

  • Жұмыстардың байқау тақырыбына сәйкес келуі;
  • Тақырыптың ашылу дәрежесі мен сапасы, ерекше көзқарас ;
  • Материалды кәсіби даярлау деңгейі және тақырыпты дамытудың

жүйелілігі, авторлық пікірі;

Байқау жұмыстарын бағалауды «Ұнайды» дауысын көп жинаған» номинациясын қоспағанда комиссия жүзеге асырады.

 

Байқау қорытындысын шығару:       

Дауыс берудің соңғы мерзімі а.ж. 17 тамызында аяқталады. Байқаудың қорытындысы 2018 жылдың 6 қыркүйегінде шығарылады (2018 жылдың екінші жексенбісі Отбасы күніне орайластырылады).

Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

 

Байланыс ақпараттары:       

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің uko.kyzmet.gov.kz и memkyzmet.kz ресми сайттары (ресми ақпараттарды орналастыру, байқау кезеңдерін түсіндіру, нәтижесін шығару) және (7252 53-60-67, 53-75-57 байланыс телефондары.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *