Ордабасы ауданы Парасыз болашаққа.Бірге

«Парасыз болашаққа.Бірге» акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесті.

Мобильді топ құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас мамандары Ғ.Жүндібаев, Ж.Әлжанова, Г.Төлегенқызы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Сырдария аймағы бойынша ауданаралық  басқармасының басшысы А.Зейнабилов, ауданның бас имамы Ә.Бастарбек, Ордабасы аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі А.Ерімбетова, Ордабасы ауданы әкімі аппаратының мамандары Б.Дәнебек, Д.Алипбаев, Г.Джолдасова, Жастар орталығы директоры М.Сайлыбаев кірді.

Мобильді топ аудандық орталық базары мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын, №18 Шұбар колледжі, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен Бөржар және Шұбар ауыл округтерінде болып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері бір уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, әдеп кодексі ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметшілермен, жастар, дін, этномәдени бірлестіктердің өкілдермен, аудандағы мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен, емхана қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *