ОБЛЫС ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өтті.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ облыстық Футболдан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күресті әр адам өзінен, өз отбасынан бастау қажеттігін айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Облыстағы футбол мектебінің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Е.Дәрменов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашов, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы А.Туйебаев сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жайында сөз алып, қатысушылардың пікірін тыңдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *