ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен семинар өтті.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары Қазақстан Респуб­ликасының 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия­сында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көрініс тапқандығы айтылды.

Семинарда баяндама жасаған Департаменттің бас маманы Г.Төлегенқызы Халықаралық үкіметтік емес ұйым «Transparency International» бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейіне зерттеу жүргізеді. Осы тұрғыда, 2018 жылы 22 ақпанда Транспаренси Интернешнлдің 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі (СТИ) ресми жарияланды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап, әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленді. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткішті 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартып отыр.  СТИ-де 31 ұпайға қол жеткізу рейтингке алғаш қатысқан сәттен бастап (1999 жылдан бастап) Қазақстанның ең жоғары көрсеткіші болып табылатындығын атап өтті.

Семинар соңында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *