НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!! БАЙҚАУ

АГЕНТТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІН АУҚЫМДЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Қазіргі уақытта кәсіби мемлекеттік аппаратты құры мақсаты маңызды орын алуда. Осы мақсатқа жету үшін Агенттік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруын жалғастыруда.

Халықтың әл-ауқатын жоғарылату үрдісінде мемлекеттік қызметшінің рөлі маңызды, өйткені олар мемлекеттік реформалардың бастаушысы болып табылады. Мемлекетпен қолданылатын шаралар азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.

Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Осы жылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мейрамын жаңа форматта өткізу жоспалануда.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі барлық бұқара топтарын тартып іс-шаралар қатарын өткізеді.

Мемлекеттік қызметшілерімен бірге әрбір қазақстандық азамат келесі іс-шараларға қатысу жолымен өз азаматтық ұстанымын көрсете алады:

– «Ең үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауында;

– БАҚ өкілдері арасында мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жариялау бойынша «Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» атты ең үздік жұмыс үшін ашық шығармашылық байқауында;

– Барлық қалаушылардың арасында өткізілетін «ҚР мемлекеттік қызметтің 100 бейнесі» фото байқауында;

– KyzmetTalk коммуникациялық аланыңда;

«ҚР ең үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауын өткізу осындай құзыреттердің ашылуына бағытталған.

Байқау 6 номинация бойынша өткізіледі:

1. Салааралық басқару;

2. Аумақтардың және халықтың қауіпсіздігін, заңдылығын қамтамасыз ету саласында басқару;

3. Нақты экономика секторын басқару;

4. Әлеуметтік саласын басқару;

5. Мемлекеттік органдардың құқықтық және кадр қызметін қамтамасыз етуін басқару;

6. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық, ақпараттық, құжаттық, қаржылық-экономикалық, шаруашылық және басқа қызметтің қамтамасыз етуін басқару;

Номинациялар осы немесе басқа функционалдық міндеттерді орындауға байланысты жасалды.

Сонымен қатар, жауапкершіліктің әртүрлі деңгейін ескере отырып, әрбір номинацияда басқару және орындау бөлімінен жеңімпаз белгіленеді.

А.ж. 10 мамырдан 17 маусымға дейін өткізілетін байқаудың қорытындылары бойынша марапаттауға 12 жеңімпаз ұсынылады.

«Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» байқауына қатысуға электрондық және баспа БАҚ-та 2017 жылғы 1 қаңтардан 10 маусымға дейін жарық көрген мемлекеттік қызметшілердің қызметі туралы журналистік жұмыстар, сонымен қатар телесюжеттер (телсюжеттер циклы), әлеуметтік медиадағы жарияланымдар қабылданады.

Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:

1) Ең үздік теле/радио сюжет немесе теле/радио сюжеттерінің циклы;

2) Баспа бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең үздік жарияланым;

3) Интернет бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең үздік жарияланым;

4) Әлеуметтік медиадағы ең үздік жарияланым.

Байқаудың өткізілу мерзімі – а.ж. 1 қаңтардан 10 маусымға дейін.

«ҚР мемлекеттік қызметтің 100 бейнесі» фото байқауының мақсаты өз ісіне адал мемлекеттік қызметшілердің жаңа формациясын көрсету болып табылады.

Фото байқауын а.ж. 10 мамырдан 15 маусымға дейін өтуі жоспарлануда. Оған қатысуға барлық қалаушылардың фото жұмыстары қабылданады.

«Қазақстан мемлекеттік қызметінің болашағы» атты KyzmetTalk Коммуникациялық алаңы – жаңа интерактивті іс-шара, оған қатысуға барлық азаматтар шақырылады.

KyzmetTalk спикерлері нақты уақыт режимінде сұрақтарға жауап беріп, зал ішіндегі қатысушылармен пікірталас өткізеді.

Бұдан басқа, Агенттіктің kyzmet.gov.kz сайтында KyzmetTalk шеңберінде барлық азаматтар өздерін қызықтыратын сұрақтарды және оқиғаларды жолдай алатын «KyzmetTalk-BOX» айдары ашылады. Сұрауды өткізу мерзімі – а.ж. 10 мамырдан 20 мамырға дейін.

Байқауға қатысу бойынша толық ақпаратты Агенттіктің интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметші күні – 2017» арнайы айдарында біле алады.

Еске салайық, 2013 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгертулерді еңгізді, осыған орай кәсіби мерекелер күнтізбесінде Мемлекетік қызметшілер күні туындады.

Барлық азаматтар құрамының санатын ауқымды қамтып, Мемлекеттік қызметшілер күнін атап өту алғаш рет жоспалануда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *