МҰҒАЛІМДЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДЕН ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қоғамның қандай да алға тартуы мемлекеттік қызметшілер мен  білім саласы қызметкерлеріне байланысты.

Жуырда ғана облыстың 8 мыңнан астам  мемлекеттік қызметшілері үйден шықпай-ақ, электронды порталда мемлекеттік қызмет алуға кіріссе, бұл эстафетаны енді мұғалімдер қабылдады.

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаменті, Халыққа қызмет көрсету орталығы және Шымкент қалалық білім бөлімі басшылары қаланың 130 мектеп директоры үшін  арнайы электрондық түрде қызмет алу дағдыларына үйрету бойынша практикалық семинар өткізді.

Осы оқудан өткен мектеп басшылары информатика пәні мұғалімдері арқылы өз ұжымдарын түгел электрондық порталда қызмет алуға баулиды.

Нәтижесінде, мұғалімдер электрондық порталда жұмыс жасау  бойынша жоғары сынып оқушыларының және олардың отбасы мүшелерінің цифрлық сауаттарын ашуға мұрындық болады.

Семинар соңында қатысушыларға «Оңай әрі жылдам қызмет ал» тақырыбында жасақталған брошюролар таратылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *