МҚІСЖҚІА-ның мемлекеттік қызметшілерді қорғау бойынша мақсаттары туралы

Бүгін алқа мәжілісі кеңесінде Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының бірінші бағытының іске асырылуы жөніндегі шаралар туралы әңгімелеп, алдағы уақыттағы мақсаттар және жақындағы жоспарлармен бөлісті.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе – әдеп ережелері мен стандарттарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Алик Шпекбаев атап өткендей, Агенттік қызметі мемлекеттік қызмет персоналының кәсібилендірілуі мен тұрақтылығының кепілдігі болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға көзделетін болады.

Бүгінгі күні Ұлт жоспарының 12 қадамын орындау аясында әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы дербес болды. Бұл оның сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда және қызметшілердің қорғалуын қамтамасыз етуде өкілеттілігін күшейтті.

Басшылық тарапынан көрсетілген қысымдар туралы деректер, «командалық ауысудың» орын алуы бойынша мемлекеттік қызметшілердің әрбір өтініші Агенттікпен барынша объективті қаралатын болады.

Алик Шпекбаев командалық ауысулар бойынша елеулі оң өзгерістерге қарамастан, кейбір басшылар «өзімен бірге өз адамдарын сүйрелеуді» жалғастыруда екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ Агенттік Төрағасы «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға көзделгендігін атап өтті.

Бүгін мемлекетпен әлеуметтік көмектің базалық жиынтығы қамтамасыз етілуде: мемлекеттік қызметшілерді үймен қамтамасыз ету, жеке үй құрылысына жер телімдерін беру, қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.

Агенттік белсенді түрде жеңілдікті шарттарда үй бөлу, өңірлерде тегін медициналық қызмет беру және санаторилік-курорттық тынығуға тең қолжетімділік, сонымен қатар, балаларды балабақшалардағы орындармен қамтамасыз ету мәселелерін қамтитын мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін ілгері жылжытуды жалғастырады.

Сонымен бірге, әдеп ережелерін сақтау мәселелері әрқашан Агенттіктің ерекше бақылауында.

«Бұзушылықтың кез келген деректері тез арада тоқтатылады, бұл жөнінде айыпты лауазымды тұлғалар жұмыстан босатуға дейінгі қатаң жауапкершілікке тартылатын болады.» – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *