МОБИЛЬДІ ТОП НҰРСӘТ МӨЛТЕК АУДАНЫНДА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігінің бастамасымен республикалық «Есіктен есікке» және «Парасыз болашаққа.Бірге» бағдарламамалары (әрі қарай – бағдарлама) аясында 2017 жылдың 20 сәуір күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Шымкент қаласының Нұрсәт мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесті.

Осы бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан, қалалары бойынша              557 мыңға жуық абоненттер коммуналдық төлемдеріне қосымша ретінде ақпараттық жадынамалар орналастырылған түбіртектер алды. Онда «АЗАМАТТАРҒА ЖАДЫНАМА! «ЕГЕР СІЗДЕН ПАРА ТАЛАП ЕТСЕ!? ЕГЕР СІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТАП БОЛСАҢЫЗ CALL – ОРТАЛЫҚТЫҢ 1424 НӨМІРІНЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!» деген ақпарат қамтылған.

         Оңтүстік Қазақстан облысында өтіп жатқан акцияға  «Энергопоток» ЖШС, «Оңтүстік жарық» ЖШС, «Omega XXI» ЖШС қолдау көрсетті.  

Іс-шараның басты мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру, соның ішінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Мемлекеттік бақылау және қоғамды  мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттымен ақпараттандыру Агенттіктің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Агенттік өз тарапынан осы қызметті жүзеге асыруда еліміздің азаматтарына түсіндіру мақсатында әртүрлі әдістер қолдануда.

        Жоспарланған іс-шаралардың негізгі мағынасы – «Табысты және гүлденген қоғамды сыбайлас жемқорлықтан еркін азаматтар салуы мүмкін».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *