МОБИЛЬДІ ТОП БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

2017 жылдың 14 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (әрі қарай – Агенттік) бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысында құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (әрі қарай – Университет) студенттерімен кездесті.

Болашақ мұғалімдермен ашық әңгімелескен Агенттіктің ОҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Г.Мұсабекова қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығын айтты. Қатысушыларды барлық уақытта өз ісіне ұқыпты, адал, төзімді және оқуда кәсіби болуға шақырды.

Университет ректоры О.Аяшев студенттердің оқуына барлық жағдайдың қарастырылғанын атай отырып, Агенттіктің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстарына қолдау білдірді.

         Іс-шара соңында Агенттік тарапынан жасалған арнайы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу арнайы жасақталған автобуста жалғасып, студенттер сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтарын қойып,  өз ойларымен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *