МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) «Бос орындар жәрмеңкесі» акциясы аясында оқу орындарының түлектерімен Мобильді топтың кездесуін ұйымдастырды.

Кездесуде Департамент қызметкерлері жұмыс іздеушілерге, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге ниет білдіргендерге «memkyzmet.kz» көмекші сайты туралы ақпарат берді. Аталған сайттан мемлекеттік қызметке кіру тәртібін, облыстың мемлекеттік органдарымен көрсетіліп жатқан қызмет көрсету тізбесін, мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесін, заңнамалар жиынтығы мен тестілеу  және басқа да мәліметтерді алуына боладығын түсіндірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *