«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ЕЛДІҢ МҮДДЕСІНЕ АДАЛ ЕҢБЕК» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, облыстағы барлық 7-8 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» эссе байқауы өтті.

Іс-шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                 іс-қимыл Агентігінің ОҚО бойынша департаменті, облыстық білім басқармасы мен Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырды.

Конкурстың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті еліміздің дамуының мақсаттары мен басымдықтарын іске асыруға бағытталған ең маңызды институт ретінде дәріптеу.

Аталған конкурс 2 кезеңде өткізілді. Бірінші кезең мектеп қабырғасында өткізіліп, байқауға 180 оқушы қатысты.

Финалға мемлекеттік, орыс, өзбек, тәжік тілдерінде жалпы саны 35-ке жуық материалдар жіберіліп, жеңімпаздар №6 Колледж базасында грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *