МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2018 жылдың 19 маусым күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілмановтың төрағалығымен Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиында Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының жаңа құрамы таныстырылып, қызметкерлердің ХҚКО арқылы қызметтерді электронды түрде алу жағдайы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында атқарылған іс-шаралар бойынша бірқатар аудан, қала әкім аппараттарының есебі тыңдалды.

Сондай-ақ, департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Б.Әшір аудан, қала әкімі аппараттарының мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарған жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындысы бойынша баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануды арттыру бойынша шаралар әзірлеу туралы ұсыныстар енгізілді.

         Отырысқа ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, барлық аудан, қала әкімі аппараттары басшылары мен мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшылары, БАҚ өкілдері, Департамент қызметкерлері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *