МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНІДІРІЛУДЕ

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары Түркістан, Кентау қалаларының мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтерді жұмыс орнынан шықпай және ХҚКО-на бармай egov.kz порталы арқылы электронды түрде қызмет алуға шақырды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселесі де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында да көп кездесетіні айтылып, қызмет алушы мен қызмет берушілерді тікелей байланысқа түспеу мақсатында қызметтерді тек ХҚКО мен egov.kz порталы арқылы алу жолдары да назардан тыс қалмады.

Іс-шаралар соңында арнайы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Айта кетейік, осы тұрғыдағы түсіндіру жұмыстары облыстың барлық, аудан қалаларында жүргізілетін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *