МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

2017 жылдың 19 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) бас маманы Ж.Әлжанова Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесудегі басты мақсат – университет бітірушілеріне мемлекеттік қызметке түсу маңыздылығы мен жолдарын түсіндіру.

Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова мемлекеттік қызметке түсу тәртібін түсіндіре келе, тестілеуден өтуге Департаментпен дайындалған memkyzmet.kz  сайты көмек болатындығын, осы сервистік сайт арқылы тегін онлайн сынама тесттен өтуге болатындығын хабарлады.

Іс-шара соңында мемлекеттік қызметке байланысты сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *