• Құрметті сайтты пайдаланушылар!

     

    Облыс көлемінде көрсетілетін 354 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша өткен жылы қызмет алушыларға 22 млн астам  қызмет ұсынылған. Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 174 қызмет түрінен 17 млн астам, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетілетін 180 қызмет түрінен      4 млн астам қызмет көрсетілген. Тәжірибеде, қызмет берушілер тарапынан Стандартта көрсетілмеген басқа да құжаттарды талап ету фактілері орын алып, қызмет алушылардың құқықтыры бұзылған. Осының негізінде, өз құқықтарыңыздың бұзылуына жол бермеу мақсатында Сіздерге облыс көлемінде көрсетілетін әрбір мемлекеттік қызмет түрін таңдай отырып төмендегі тетіктерді басу арқылы қажетті құжаттар тізбесін көре аласыздар.

     

    Түсіндірме үшін:

    – жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 174 қызмет түрін сала бойынша (қызмет көрсетуші мекеме атауы, қызмет көрсету мерзімі және қажетті құжаттар тізбесі мен тиісті қосымшалары толық нұсқада);

    – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетілетін 180 қызмет түрін қызмет көрсетуші мекеме атаулары бойынша (қызмет көрсетуші мекеме атауы, қызмет көрсету мерзімі және қажетті құжаттар тізбесі мен тиісті қосымшалары толық нұсқада);

    жиі қолданылатын қызмет түрлерін қызмет атауы бойынша.

     

     

    Жергілікті атқарушы органдар
    Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері
    Жиі қолданылатын қызметтер

     

    Аталған ақпаратты осы сайттың мобильдік қосымшасын ұялы телефоныңызға жүктеу арқылы да, кез-келген уақытта, кез-келген жерде пайдалануыңызға болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында қандай да бір құқықбұзушылық фактілері орын алған жағдайда немесе әкімшілік кедергілерге тап болсаңыз Департаменттің

    сенім телефонына хабарласуларыңызға және мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңіз болған жағдайда осы сайттағы және мобильдік қосымшадағы Ұсыныстар мен сұрақтар тетігін басып жолдауларыңызға болады.

     

     

    Сіздердің әрбір ұсныстарыңыз бен ескертпелеріңіз біз үшін маңызды!

     

  • Электрондық цифрлық қолтаңба алудының тәсілдері

     

    Құрметті сайтты пайдаланушылар!

     

    «Электрондық цифрлық қолтаңба» (ЭЦҚ) дегеніміз — электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілі әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық терімі. Қолтаңбаны пайдалану өте оңай және тиімді. Ол үшін ешқандай арнайы білім, дағдылар және құралдар талап етілмейді. ЭЦҚ мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелерден қажетті анықтамаларын ала алады.

    Мысалы, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, балаңызды балабақшаға кезекке тұрғызу, бала тууды тіркеу, тұрғын үй көмегін алу, жұмыссыздық туралы анықтама алу, ветеринариялық анықтамалар, жылжымайтын мүлкіңіздің бары немесе жоқтығы туралы, мекен-жай анықтаманы, салымшының зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы, сотталған немесе сотталмаған туралы анықтамаларын т.б қызметтер.

     

    Электрондық цифрлы қолтаңбаны алудың 2 тәсілі бар:

    (Электрондық цифрлы қолтаңбаны алу ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген “ҚР Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынмен реттеледі)

    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына бару арқылы өтінім беру:

    Мемлекеттік корпорацияға барып өтінім берген кезде қызмет алушы өзінің жеке басын куәландыратын құжаты мен ЭЦҚ-ны жазып алатын «Файлды сақтау құрылғысын» (флешка) алып барады. Ары қарай, сіздің орныңызға қажетті операцияларды Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жасап береді.

    2) Интернетпен Online өтінім жіберу арқылы (Бұл тәсіл екі кезеңнен тұрады):

    I кезең – Тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім беру

    1 қадам: Браузерді іске қосыңыз және мекенжай жолында www.pki.gov.kz теріңіз.

    2 қадам: «ЭЦҚ кілтін алу» мәзірін басыңыз (1-сурет).


    1-сурет


    3 қадам
    : Қажет «Жеке тулғалар» бөлімін таңдаңыз (2-сурет). 

    2-сурет


    4 қадам
    : NCALayer бағдарламалық қамтамасыз етуді шығарып алып, орнатыңыз (3-сурет).

    3-сурет


    5 қадам
    : «Өтінім беру» батырмасын басыңыз (4-сурет).

    4-сурет


    6 қадам
    : Ашылған терезедегі келісіммен танысыңыз және келіскен жағдайда растау батырмасын басыңыз (5-сурет).

    5-сурет


    7 қадам
    : Ашылған терезеге суреттегі кодты және өз жеке сәйкестендіру нөміріңізді (бұдан әрі-ЖСН) енгізіңіз (6-сурет). 

    6-сурет


    8 қадам
    : Одан әрі «ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз (7-сурет). 

    7-сурет

     

    9 қадам: Содан кейін «E-mail» жолына (бұл жол міндетті емес) өз электрондық пошта мекенжайын енгізу қажет (8-сурет).

    8-сурет

     

    10 қадам: Төмен берілген өтінім расталатын облыс пен қаланы ретімен көрсетіңіз (9-сурет).

    9-сурет


    11 қадам
    : Содан кейін, тізімнен «Кілттерді сақтау орны» түрін таңдау қажет – Файлдық жүйе, жеке куәлік, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken. Одан әрі кілттерді сақтау орнына жету жолын таңдаңыз (10-сурет). 

    10-сурет


    12 қадам
    : Одан әрі «Өтінім беру» батырмасын басыңыз (11-сурет). 

    11-сурет

    Келесі терезеде өтінімнің нөмірі пайда болады (12-сурет). Өтінішті Сіз үшін ыңғайлы форматта сақтаңыз және басып шығарыңыз.

    12-сурет


    Назар аударыңыз!
    Өтінімді бергеннен кейін Сіздің компьютерде жабық кілттер қалыптастырылды. Өтінішті берген кезде Сіз көрсеткен жол арқылы буманы ашып, олардың бар болуына көз жеткізе аласыз (13-сурет). 

    13-сурет


    II кезең – Өтінімнің мәртебесін тексеру және тіркеу куәліктерін орнату

    13 қадам: Өтінімді Тіркеу орталығында расталғаннан кейін Өтініміңіздің мәртебесін тексеру функционалын пайдаланыңыз. Ол үшін «Берілген өтінімнің мәртебесі» бөліміне өтіңіз (14-сурет).

    14-сурет


    14 қадам
    : Ашылған терезедегі «Өтінім нөмірі» жолына Online өтінім берген кезде Сіз алған өтінімнің бірегей нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасын басыңыз (15-сурет). 

    15-сурет


    15 қадам
    : Тіркеу куәліктерін кілтті контейнерге (жабық кілттер) орнату үшін «Кілтті сақтау орнының деректері» бөлімінде «Кілттерді сақтау орнына дейінгі жолды» таңдаңыз (16-сурет). 

    16-сурет

    Оны өзгерткен жағдайда іздеу белгісін басып, Сіздің жабық кілттеріңіз сақталған буманы көрсетіңіз. Онда Сіздің өтінішті бергеннен кейін өтінім берген кезде қалыптастырылған жабық кілттеріңізді сақтау орнын көрсетіңіз және «Ашу» батырмасын басыңыз (17-сурет).

    17-сурет


    16 қадам
    : Жабық кілттер бар бумаға жолды көрсетіп, «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз (18-сурет). 

    18-сурет

    Тіркеу куәліктерін орнатқаннан кейін өтінімнің «Сертификаттар сәтті орнатылды» деген мәртебесі көрсетілген терезе ашылады (19-сурет).

    19-сурет

    Міне, осылайша ЭЦҚ-ны алуыңыз сәтті аяқталды. Өтінішті ұсынған кезде көрсетілген буманы ашсаңыз, қолдануға дайын жабық кілттері бар екі тіркеу куәлігі болады (20-сурет).

    20-сурет

  • Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер учаскесін беру тәртібі туралы оңтайландырылған

    инфографикалық ақпарат

    Үлкейту үшін суретті кезегімен 2-рет шіртіңіз

  • Үлкейту үшін суретті кезегімен 2-рет шіртіңіз

  •  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы

    Коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалы- «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменті

     

    Мемлекеттік қызметтер атауы

     

    1. Жер учаскесін жеке меншік құқығына актілерді рәсімдеу және беру http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011050

     

    1. Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу және беру http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011050

     

    1. Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалануды жалдау http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011050

     

    1. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу және беру http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011050

     

    1. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және беру http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011050

     

    1. Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру (ХҚКО-ы арқылы) http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011050

     

    1. Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру (ХҚКО-ы арқылы) http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011050

     

    1. Сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерді беру http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011052

     

    1. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру (ХҚКО-ы арқылы) http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011050

     

    1. Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру (ХҚКО-ы арқылы) http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011050

     

    1. Жылжымайтын мүлікті объектілерінің техникалық паспортын беру http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011408#z574

     

    1. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011408#z574

     

    1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011408#z574

     

    1. Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011408#z574

    «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»

    КЕАҚ филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының ОҚО бойынша департаменті

     Мемлекеттік қызметтер атауы

    1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z40

    2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z202

    3. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z252

    4. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z491

    5. “Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау” http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z321

    6. Мүгедек баланы тәрбиелеуіне байланысты тағайындалатын жәрдемақылар http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z557

    7. Бала туылуына және оның 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z441

    8. Жерлеуге байланысты біржолғы жәрдемақылар http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z87

    9. ҚР азаматтарына капитализация салдарынан зиян шеккендігі үшін әлеуметтік көмек ретіндегі төлемдер http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z1678

    10. Зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдеме төлемі

    11. Әлеуметтік қатер туындаған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемдер (асыраушысынан айырылуына, еңбек қабілетінен айырылғанда, жұмысынан айырылғанда, жүктілігі және босануына байланысты табысынан айырылғанда, баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылғанда) http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011342#z372

     

  • Көлік салығын eGov.kz порталы арқылы төлеу

    ӨТЕ ЫҢҒАЙЛЫ

    ЖЫЛДАМ

    ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ


    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

    EGOV.KZ пен танысу

    Мемелекеттік органдарға eGov.kz порталы арқылы электрондық өтініштерді жіберу

    Баланы бала-бақша кезегіне eGov.kz мобильді қосымшасы арқылы қою

    Паспорт алу немесе ескі жеке куәлікті жаңа нұсқасына ауыстыру

    Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті алдын ала онлайн брондау

    Тұрғылықты жерде тіркелу

    eGov.kz порталы арқылы жеке кәсіпкерді тіркеу

    Көлік салығын eGov.kz порталы арқылы төлеу

    Жер және мүлік салығын eGov.kz порталы арқылы төлеу

    Тұлғаның қылмыс жасағандығы туралы мәліметтердің бар немесе жоқ болуы туралы анықтама алу

    Жылжымайтын мүлік иесі үшін «ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу» қызметі

    Жылжымайтын мүлік иесі емес үшін «ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу» қызметімен пайдалану нұсқаулығы

    Жүргізуші куәлігін eGov.kz порталы арқылы жаңарту

    “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-дағы депозиттік/несиелік шотты толықтыру

    «Болашақ» конкурсына қатысу үшін құжаттарды eGov.kz порталы арқылы жіберу

    eGov.kz порталы арқылы берілген электронды құжаттар мен чектерді тексеру

  •       2017 жылдың І жартыжылдығында ОҚО бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат