МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК

Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ОҚО бойынша департаментінің өкілдері, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, түрлі қоғамдық ұйымдар және мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар мемлекетіміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталып, әйел затының қоғамдағы рөлі мен олардың қоғам санасындағы ерлермен қатар мемлекеттік өмірге де белсене қатысуы талқыланды.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия  жүргізеді. Оның негізгі міндеті – отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру.

Айта кетейік, облысымыздағы мемлекеттік қызметкерлердің арасында әйелдердің үлесі 32 пайызға жеткен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *