February 21, 2017

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы).

 

Қызмет көрсетуші:

Мемлекеттік қызметті барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:    

–  құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 минут;
Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдері, ауылдық жерлерде – әкім берген жолдама;

3) сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын  құжаты (түпнұсқа және көшірме);

4) баланың денсаулық паспорты;

5) баланың денсаулығы туралы анықтама.