МЕДИАЦИЯ МАҚСАТЫ – БІТІМГЕРШІЛІК

Оңтүстік Қазақсан облысында 1 наурыз – Алғыс айту күні аясындағы онкүндік шарасы «Келісім» күніне ұласты.

Осы күн аясында, ағымдағы жылдың 27 ақпан күні облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Медиация мақсаты – бітімгершілік!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – өңірде медиация жұмысын жетілдіру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру және құқықбұзушылықтардың барлық нысандарына «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру болып табылады.

Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, облыстық этномәдени бірлестіктердің және «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ-ның басшылығы, судьялар және кәсіби медиаторлар өз ойларымен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *