МАҚТАРАЛ АУДАНЫНДА “АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ” МАРАФОНЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні «Адал жол – честный путь» марафонының эстафетасын Мақтарал ауданы Сарыағаш ауданына табыстады. Аталған марафон аясында  ” аудан тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, адал еңбек етуді насихаттауға бағытталған “Адал жол – честный путь” велошеруі өтті.

Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен “Адал жол – честный путь” сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына мемлекеттік орган қызметшілерімен қатар, жастар, үкіметтік емес мен қоғамдық ұйымдар өкілдері де белсенді қатысты. Жетісайдың “Жеңіс” алаңынан бастау алған шеруге қала, кент, ауылдық округтерден 24 автокөлік пен 100-ге жуық велошерушілер қатысып, шеру халық көп шоғырланған С.Қожанов көшесінің бойымен жүріп өтті.

Мақтарал ауданында жалпы марафон аясында 2 апта аралығында бірнеше жуық іс-шаралар, атап айтқанда, семинарлар, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, конференциялар және өзге де спорттық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, 10 мыңға жуық тұрғын қатысты.

Марафонды өткізудегі басты мақсат – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Айта кетейік,  «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Марафонға облыстың 15 аудан, қалалардағы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық мақсатты топтардың атсалысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтетін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *