КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңесте мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар мен кәсіпкерлерге келтірілетін әкімшілік кедергілер мәселесі көтерілді.

Іс-шараға кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста сөз алған Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғ.Асанұлы бюджеттің уақтылы игерілмеу себептерінің бірі конкурстық комиссия шешімдерінің жиі күшін жою болып табылатындығын атап өтті.

Іс жүзінде мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алуға бірнеше рет конкурстар өткізеді. Нәтижесінде, жылдың басында бөлінген қаражат негізінен жылдың екінші жартысында игеріледі, сонымен қатар, кәсіпкерлердің заңды құқықтары да шектеліп жатады. Бюджет қаражатын уақытылы игермеген мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі де қаралмайды.

Бұдан бөлек, конкурстық комиссия мүшелерінің пайдалануы мүмкін мемлекеттік сатып алуларда жиі кездесетін бұзушылықтар бойынша әдістемелік ұсыныстар да жоқ екендігі айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *