Конкурс!!!!!!!!!!!!

Конкурсты  ұйымдастырушылар:

      «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент).

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

–   мемлекеттік қызметшілерді кәсіби ынталандыру;

–   мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін арттыру;

– мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жандандыру.

 

Конкурсты өткізу тәртібі:

– Конкурс жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық  бөлімшелері арасында (ары қарай – Қатысушылар) 3 кезеңде өткізіледі.

– Қатысушылардан түскен құжаттар партия филиалдарында жинақталып, қазылар алқасының талқылауына тапсырылады.

– Байқауды ұйымдастыру мен өткізу үшін төраға және алты мүшеден тұратын, қазылар алқасы (әрі қарай – Қазылар алқасы) құрылады.

–  Қазылар алқасының мүшелігіне барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері кіре алады.

– Қазылар алқасының жұмыс нәтижесі отырыс хаттамаларында тіркеліп, қазылар алқасының төрағасы қолымен бекітіледі.

– Қазылар алқасының бекітілген мүшелерінің үштен екі құрамы қатысар болса, отырыс заңды болып саналады.

– Қазылар алқасының қатысқан мүшелерінің жартысынан көбі дауыс бергенде, Қазылар алқасының шешімі қабылданған болып саналады.

– Қазылар алқасының жеңімпаздарды тану шешімін отырыс хаттамасымен рәсімдеп, Қазылар алқасының төрағасы мен барлық мүшелерінің қолы қойылады.

 

 Конкурстың өту кезеңдері

1-ші кезең – 2017 жылғы 15 -19 мамыр аралығы.

 Конкурсты  өткізу мен оған қатысу шарттары мемлекеттік органдарға хатпен жолданады. Сондай-ақ, БАҚ-да, сайттарда жарияланады.

 

2-ші кезең – 2017 жылғы 25 мамыр – 15 маусым аралығы.

Конкурс партияның аумақтық филиалдарымен жергілікті атқарушы органдары арасында өткізеді.

Конкурс нәтижелері (әр номинация бойынша) 2017 жылғы 20 маусымға дейін шығарылады және жеңімпаздар материалдары облыстық партия филиалына жіберіледі (номинациялар бойынша 1-ші орын алған жұмыстардың түпнұсқасы, қазылар алқасының хаттамалары).

 

3-ші кезең –2017 жылғы 30 мамыр – 20 маусым аралығы.

Конкурс аймақтық партия филиалы және Департаментпен жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық  бөлімшелері арасында өткізіледі.

 

Конкурсты қорытындылау:

2017 жылғы 5-ші шілдеге дейін қазылар алқасы 2 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

 

Конкурс номинациялары:

1.     «Сыбайлас жемқорлық профилактикасын үздік жүргізген мемлекеттік орган»;

2.      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңашыл әдістері».

 

Конкурс талаптары:

 1. «Сыбайлас жемқорлық профилактикасын үздік жүргізген мемлекеттік орган» номинациясында жеңімпаздар келесі критерийлер бойынша анықталады:

2016  және 2017 жылдың қаңтар – мамыр айлары аралығында мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген жұмыстар (басшының қолымен бекітілген А4 форматты 5-тен 10 бетке дейінгі ақпарат, фотоальбом, бейнероликтер және т.б.):

– «Нұр Отан» партиясы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде  азаматтардың арыз-өтініштері бойынша мемлекеттік органдар басшыларының қабылдау өткізуі (өтініштер саны, оң шешілгендері);

–  «Парасыз болашаққа бірге!» акциясы аясында көліктегі мобильдік топ жұмысына қатысуы, ұжымдық кездесулер мен қоғамдық және жеке қабылдаулары (дәлелдемелерімен);

– Агенттіктің «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында атқарылған ақпараттық жұмыстар: билбордтар, лед-экран, плакаттар және БАҚ-дағы жарнамалық жарияланымдар, таратылған парақшалар  (дәлелдемелерімен);

– мемлекеттік  орган қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық  бойынша қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы (тартылмағандығы) туралы мәліметтер;

– мемлекеттік органдардағы «сенім телефоны» жұмысының мониторингі (хабарласу саны, оның ішіндегі расталғаны мен оң шешім тапқаны);

– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар.

 

2. «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңашыл әдістері» номинациясындағы  жеңімпаз келесі критерийлерге сай анықталады (А4 форматты 5 пен 10 бет арасындағы баспа беттер):

– мемлекеттік қызметші имиджін арттыруға бағытталған заманауи сұраныстағы бастамашылдығы,

–  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша тиімділігі,

–  ұсыныстардың креативтілігі,

–  ұсынылған әдістің қолжетімділігі.

Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:

Әр номинация бойынша 3 орын беріледі (барлығы 6 орын).

Конкурс жеңімпаздары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті тарапынан грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурс жеңімпаздары туралы мәліметтер «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Конкурс бойынша сұрақтарға мына мекен-жайлар мен байланыс телефондары арқылы жауап алуға болады:

– «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы. Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3. Тел. 35-38-70;

–  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы.  Шымкент қаласы,   Тәуке хан даңғылы, 3. Тел: 53-60-67.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *