КЕДЕН САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе «Кедендік төлемдерді төлеуге, оларды төлеуден жалтаруға болжанатын көлемді заңсыз төмендетуге қарсы іс-қимыл бойынша негізгі тәсілдер» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік бюджетті толтырудағы және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кеден қызметтерінің маңызды рөлін көрсету.

Іс-шара барысында департамент басшысының орынбасары А.Шілманов сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тәсілдері мен осы әдістердің тәжірибеде қолданылуын түсіндірді. Сонымен қатар, кеден саласындағы жемқорлықтың кез-келген көрінісі еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығына айтарлықтай зиян келтіретінін атап өтті.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.Теңлібаев тауардың номенклатурасы, кедендік құны, саны мен салмағын жасыруға,  сонымен қатар,  лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға мүмкіндік бермеу мәселесін көтерді.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау міндеті қойылды және нақты ұсыныстар ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *