КЕДЕН САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТ

2018 жылдың 10 шілде күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық кеден зертханасының Шымкент қалалық кеден сараптама бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Іс-шара барысында Жазира Салханқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тәсілдері мен осы әдістердің тәжірибеде қолданылуын түсіндірді. Сонымен қатар, кеден саласындағы жемқорлықтың кез-келген көрінісі еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығына айтарлықтай зиян келтіретінін атап өтті.

«Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, халықтың билікке деген сенімсіздігін тудырады» – деді  Департамент қызметкері.

Кездесу барысында  Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасатындығы айтылды.

Іс-шара соңында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *