Агенттіктің Алқа отырысында шетелдік қонақтар мен қоғам өкілдері мемлекеттік органдардың ашықтығын атап өтті

31 қаңтарда Алик Шпекбаевтың  төрағалығымен  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің алқа отырысы болып өтті.

Алқа отырысында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, мемлекеттік қызметті дамытудың өзекті трендтері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Агенттіктің жұмысын қорытындылай отырып, Алик Шпекбаев ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, мемлекеттік қызмет саласында мансаптық модельге көшуімен беделі өсіп, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы байқалуда және мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жақсаруда.

«Топтық ауыс-түйістердің» ауылы келмеске кетті.

Конкурстан тыс тағайындаулардың саны 18 есе қысқарды.

Меритократия қағидатын бірте-бірте енгізу мемлекеттік қызметтің беделін өсіріп, кадрлардың жоғары айналымын тоқтатты.

Қазіргі таңда қызмет саласын ауыстыруға ниет білдірушілердің саны 2015 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді. Сонымен бірге жұмысын алғаш рет бастап, бір жыл ішінде мемлекеттік қызметтен шығушылардың саны 1,3 % құрады. ЭЫДҰ (ОЭСР) елдерінде бұл көрсеткіш АҚШ-та 2,7 %, Эстонияда  24,5%.

2017 жылы мемлекеттік қызметшілердің жартысына жуығы конкурстар нәтижесінде жоғары лауазымдарға тұрып, қолайлы тренд туындады.

Барлық реформалар шетелдік стандарттар негізінде енгізіледі. Бұл ЭЫДҰ (ОЭСР)  жарық көрген есебінде көрініс тапты. Есеп авторларының айтуынша, кәсіби мемлекеттік қызметті құрудағы анық прогресстің басталғандығын айта отырып,  «Мемлекеттік қызметті басқаруды жүзеге асыратын Қазақстандағы  мемлекеттік органдардың   ЭЫДҰ (ОЭСР)-мен ортақ тәсілдерді қолданылады».

Тағы бір ескере кететін жайт, бұл Агенттіктің алқа отырысында халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуы.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымының тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел баяндама жасады.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымының тұрақты өкілінің орынбасары өз сөзінде еліміздің мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру және жемқорлықтың алдын алудағы жетістіктерін баса айтты.

Оның  айтуынша Қазақстандағы мемлекеттік органдардың ашықтығына ерекше назар аудару қажет.

Агенттік қызметіндегі транспаренттілік бойынша өз сөзінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары ассоциациясының басқарма төрағасы, Арнайы мониторинг тобының мүшесі Айгүл Соловьева тоқталып өтті.

Айгүл Соловьеваның айтуынша, 2017 жылы Агенттік тарапынан қоғам өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырылған жобалар жоғары тиімділігін көрсетті.

«Заманауи қоғамда қызметтерге қанағаттанушылық деңгейі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығы өзекті және әлеуметтік маңызы бар. Былтырғы жылы құрылған арнайы мониторинг тобы Агенттік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл механизмінің ерекше көрінісі болды. Көп жұмыстар атқарылды: мемлекеттік мекемелердің қызмет жүйесінде проблемалық аспектілер анықталды, ХҚКО-да қызмет көрсету барысында тәуекелдер қысқарды,  профилактикалық шаралар қолға алынды. Меніңше қол жеткізген нәтижелермен тоқтамау керек. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған жаңа басымдықтарды ескере отырып, Арнайы мониторинг тобының әдіс-тәсілдерін жаңартып, жаңа сапалық деңгейге көтерілу қажет»-деп атап өтті Айгүл Соловьева.

Қорыта айтқанда, Агенттікпен Арнайы мониторинг тобының мүшелерімен бірлесіп «жасырын тұтынушы» әдісі арқылы жүзеге асырылған «Қоғамдық бақылау» жобасы нәтижесінде әкімшілік кедергілер, артық құжаттарды талап ету жойылды, жемқорлық тәуекелдері азайды, мемлекеттік органдардың жұмыс кестелері реттелді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер орындарында қызмет алушыларға жағдай жасалуда.

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *