ЗАМАНАУИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ НЕГІЗІ

2018 жылдың 1 ақпан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) Шымкент аграрлық колледжімен бірлесе «Заманауи психологиялық технологиялар – әлеуметтік-психологиялық көмектің тиімділігін арттыру негізі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараға Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова, Шымкент аграрлық колледжінің директоры Г.Бекбергенова, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры З.Қабылбекова, облыстық әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Н.Қалиева, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Г.Веротская және халықаралық тренерлер қатысты.

Іс-шараның мақсаты – биылғы Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылау, педагогикалық ұжымның ынтымақтастығын, эмоциялық тұрақтылығын қалыптастырып, оңтайлы психологиялық климат орнату, ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Семинар-тренингте сөз сөйлеген Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін тоғызыншы міндет етіп тапсырғандығын атап өтті. Осыған орай,  Ж.Әлжанова қоғам болып күресуге, соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда колледж ұжымын бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Іс-шара барысында мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігі де талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *