ЖЫЛ БАСЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУДЕН БАСТАЛДЫ

2018 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) басшысы Ә.Көмекбаев Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың қарапайым тәсілдерін үйрету, сонымен қатар, жер саласына қатысты халықтың ұсыныстары мен пікірлерін білу болып табылады.

Департамент басшысы Әли Амантайұлы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімді әрі жеңіл түрлерін атап өтті. Қызметтерді мемлекеттік корпорация немесе электронды түрде алу тәсілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталғанын, әрі бұл қазіргі заман талабы екенін жеткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алудың жолдарын көрсететін арнайы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, жер саласына қатысты сұрақтар кез-келген азаматта кездесетіндіктен, ұсыныстар мен пікірлерді  арнайы әзірленген taldau2018@mail.ru поштасына 2018 жылдың қаңтар айының соңына дейін жолдауға болатындығы хабарлады.

Айта кетейік, Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдеріне қатысты бұзушылықтар көп кездесетін жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде. Сондықтан, осындай түсіндіру іс-шаралары облыстың басқа да аудан, қалаларында өткізу жоспарлануда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *