Жолдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету

2018 жылдың 2 наурызында «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент), облыстық «Нұр Отан» партиясы және ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы (әрі қарай – Инспекция) Темірлан тас жолы трассасы бойында  рейдтік іс-шара өткізді.

Басты мақсат – жол бойындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, жол қозғалысы қатысушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру.
Акцияға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н.Наркабулов, инспекцияның автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Е.Қалымбетов, облыстық «Нұр Отан» партиясының кеңесші-заңгері А.Еркінбеков, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің екі экипажы,  инспекция қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *