«Жасырын тұтынушы» анықтаған кемшіліктер

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес, «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау» жүргізу жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарының сақталуы және азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін қажетті жағдай жасай отырып, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді анықтау. Осыған орай, «Шымкент қаласы студенттер альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі және Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы өкілдерінің қатысуымен Шымкент қалалық орталық емханасында, Қаратау аудандық кірістер басқармасында, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментінде «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау» жүргізілді. Бұл әдіс аясында Шымкент қалалық орталық емханасына кірер есікте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандуста шақыру кнопкасы орналастырылмағаны және электронды кезектілікті көрсететін монитор жұмыс істемейтіндігі, емханада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық тақталар орналастырылмағаны анықталды. Ал, Қаратау аудандық кірістер Басқармасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған автотұрақ болғанымен, пандусы жоқ және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар орналастырылмаған. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі Басқармаға кірер есіктің алдында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық тақталар орналастырылмаған. Күтушілерге арналған орындықтардың жеткіліксіздігі, ұзақтау күтіп қалатын қызмет алушыларға жағдай жасалмағандықтың белгісі. Қызмет алушыларға арналаған автотұрақтар да қарастырылмаған. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық тақталар жеткілікті дәрежеде орналастырылмаған.. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру кнопкасы істен шыққан.

Бақылау қорытындысымен, Департамент тарапынан көрсетілген кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жесқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Ә. Әбиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *