Жазалау орнына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу келеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының басым бағыты орта мерзімдегі жоспарында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Агенттік Төрағасы жыл қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында «Цифрлық технологиялар мемлекеттік, сот және құқық қорғау органдарының қызметінде жиі пайдаланылып, ашықтық пен жариялылық қағидасы жүйелі түрде енгізіліп келеді», – деп атап өтті.

Алик Шпекбаев сондай-ақ, есепті жыл үкіметтік емес сектор және қоғамдық ұйымдармен өзара белсенді іс-қимыл аясында өткендігін айтты.

Атап өтсек, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнесті дамыту үшін айрықша маңызды деп саналатын 16 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалды. «Нұр Отан» партиясы білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй қатынастары және әлеуметтік қорғау салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау жұмыстарын жүргізуге ықпал етті. Кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен осындай жұмыстар мұнай-газ, тау-кен-металлургия салаларында жүргізілді. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша үш мыңнан аса ұсынымдар дайындалып аталған мекемелер мен ұйымдарға жолданды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мазмұнын талдау олардың көбінесе рәсімдердің жетілмегендігі, дискрециялық өкілеттіктер және мүдделер қақтығысының бар болуына байланысты екендігін көрсетті. Қылмыстық істерді нәтижелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 12 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдап, бұл 9 заңға және 42 заңнамалық актіге түзетулер енгізуге негіз болды. Азаматтық альянстың қатысуымен өткен Азаматтық бастамалар конгресі өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдірудің бір тетігі болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру барысында этномәдени ұйымдар мен діни бірлестіктердің әлеуетін пайдаланудың алғашқы қадамдары жасалды. Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп «Жолдағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша 10 қадам» жобасын іске асыру қолға алынды.  Кәсіподақ федерациясының қолдауымен барлық аймақтарда азаматтардың өтініштерін қарастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша мобильді топтар жұмысын бастады. Олар 6,5 мыңнан аса еңбек ұжымын қамтыды.

Сондай-ақ, кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басымдықтарын іске асыру барысында келесі іс-шаралар жоспарлануда:

– сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою жөніндегі жұмыстарға қоғамдық бақылау деңгейін арттыру мақсатында уәкілетті органның тиісті түсіндірмелері берілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тұрақты жаңартылатын көпшілікке ұсынылған ашық тізілімін құру;

– әкімшілік (тұрмыстық) сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстардың базалық үлгісіне айналатын «Астана – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру. Бұл жобаға сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту, азаматтық бақылауды дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар кешені енгізілген. Сынамалық тәжірибеден кейін бұл үлгі барлық өңірлерге енгізілетін болады;

– «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған, ең алдымен ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде тиімді инфрақұрылымды құруға бағытталған. Басты назар әлеуметтік желілер және мессенджерлер көмегі арқылы азаматтармен өзара іс-қимылды нығайтуға аударылады;

– сотқа дейінгі кезеңде азаматтардың құқықтарын қатаң сақтауға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы репрессивтілік деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *