ЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ХҚКО-НА БАРМАЙДЫ

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.

Осыған сәйкес, Департамент мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен бірлесе, ОҚО бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында аудан-қала әкімі аппараты және    облыстық және аумақтық басқарма қызметкерлері үшін ««Цифрлық Қазақстан» жағдайында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа талаптары»» тақырыбында   электрондық түрде қызмет алу дағдыларына үйрету бойынша мастер класс өткізді.

Мұнда қатысқан әрбір мемлекеттік қызметші өзімен бірге әкелген  ЭЦҚ –мен e–gov порталына кіріп, электронды  қызмет алуды практикалық түрде үйреніп, дағдылану жұмыстарын жүргізді.

Оқудан өткен азаматтардың барлығы да осы айдан бастап өзіне тиесілі аудандағы мемлекеттік қызметшілер мен халықты  түгел электрондық порталмен жұмыс жасауға үйретуге жауапты болады.

Осылайша, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер Халыққа қызмет көрсету орнына бармай-ақ мемлекеттік қызмет алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *