ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2017 жылдың 16 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) ғимаратында облыстық діни конфессия өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамды тарту, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Шараға облыстық дін басқармасы мен дін өкілдері қатысты.

Кездесуді жүргізген департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы А.Есімханов сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою бойынша департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, А.Есімханов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда дін өкілдерінің үлесі басым екендігін атап, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Іс-шара қатысушылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіруді бала кезден бастау қажеттігін айтып, бірқатар ұсыныстар берді.

Іс-шара соңында арнайы дайындалған парақшалар таратылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *