ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2018 жылдың 6 ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) ғимаратында облыстық діни конфессия өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арнаған Жолдауының тоғызыншы міндетін жүзеге асыруда қоғамды тарту.

Кездесуді Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы жүргізіп отырды.

Ғанижан Асанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы діни бірлестіктердің маңыздылығына, адам өміріндегі діннің ықпал ету дәрежесі мен орнына тоқталды.

Кездесу соңында дін өкілдері дін – тұлғаның адамгершілік-рухани тәрбиелеу институты екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, талқылау барысында адамның сыбайлас жемқорлық әрекетін сынайтын діни нормаларға шолу жасалынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *