БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) Шымкент қаласының білім бөлімі мен қалалық мектеп директорлары, балабақша меңгерушілерімен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту» тақырыбында құқықтық семинар өткізді.

Семинарда Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы А.Есімханов қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарын орындау мақсатында Департамент тарапынан мемлекеттік мекемелерде мүдделер қақтығысын болдырмау және оның алдын алу бойынша тұрақты негізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Оған қоса, мекеме басшыларына өздерінің қарамағындағы барлық мекемелерде мүдделер қақтығысы деректерін анықтауға бағытталған жұмыстарды кешенді түрде жүргізіп, аталған деректер анықталған жағдайда, оларды болдырмау және шешу бойынша Заңда көрсетілген шараларды дер кезінде қабылдау қажеттігін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *