June 30, 2017

АШЫҚ КЕЛІСІМ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН КӨРІНІСТЕРІНЕ ТӨЗБЕУШІЛІК ЖАҒДАЙЫН ЖАСАУ ЖӘНЕҚОҒАМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ АШЫҚ КЕЛІСІМ

 

Астана қ.                                                            2015 жылғы«8» шілдесі

Бұдан әрі «Қол қоюшылар» немесе «Тараптар» деп аталатын, бір тараптан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және екінші тараптан, осы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге(бұдан әрі – Келісім) қосылған азаматтық сектордың өкілдері,екінші тараптан,

 

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

Сыбайлас жемқорлық экономикалық қауіпсіздікке зиян келтіретініне, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатерболып табылатынына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтініне КЕЛІСЕ ОТЫРЫП;

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайына қол жеткізудің маңыздылығын және негізгі күш сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына қарсы алдын алу жағдайларын жасауға бағытталған болуы тиіс сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту қажеттілігін ТҮСІНЕ ОТЫРЫП,

Қазақстанның тұрақтылығын, әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі, құқықтық мемлекетті құрудағы, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның маңызды рөлін және азаматтық сектор өкілдерінің қызметтің бейіні мен түріне қарамастан, сыбайлас жемқорлықтың жойылуын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік жауапкершілікті қабылдау қажеттілігін ТАНИ ОТЫРЫП, төмендегілер туралы осы Келісімгеқосылды:

 

  • БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Келісімнің мақсаттары мен міндеттері

  1. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру осы келісімнің мақсаты болып табылады.
  2. Келісімнің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
  • азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді төмендету;
  • Агенттікпен азаматтық қоғамның өкілдерінің өзара іс-қимылын, тығыз әріптестігін күшейту;
  • сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту арқылы барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
  • қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру;
  • азаматтық қоғамдымемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға тарту.

 

2-бап. Келісімнің мәні

  1. Осы Келісім ынтымақтастықтың жалпы және ерекше мәндеріне ие.
  2. Тараптардың сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамның барлық жігінің рөлін арттыру мен сындарлы күштерді біріктіру осы Келісімнің жалпы мәні болып табылады.
  3. Осы Келісімнің ерекше мәндері ынтымақтастықтың бағыттарын негізге ала отырып айқындалады.

 

3-бап. Келісімні бағыттары

  1. Осы Келісімнің мақсаттарын, міндеттерін және мәнін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту бойынша ынтымақтастықтың келесі бағыттарыбелгіленді:
    • Жастар және жастар ұйымдары;
    • Әйелдер және әйелдер ұйымдары;
    • Бұқаралық ақпарат құралдары және олардың өкілдері;
    • Құқық қорғау және кәсіподақ ұйымдары;
    • Мәдениет қайраткерлері, кинематографиялық ұйымдар және кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға, таратуға, пайдалануға және оларға азаматтарды тартуға байланысты басқа да ұйымдар;
    • Этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктер;
    • Діни ұйымдар;
    • Ғылыми, педагогикалық жұмыскерлер және ғылым мен білім өкілдігі мүшелігіне негізделген қоғамдық бірлістіктер;
    • Кәсіпкерлік субъектілері.

 

4-бап. Келісімнің тараптары

  1. Агенттікосы Келісім тараптарының бірі жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органбола отырып, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша қызметті үйлестіру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
  2. Агенттікті қоспағанда, Қол қоюшылар осы Келісімге қосыла отырып, нақты бағыт бойынша немесе ынтымақтастықтың бірнеше бағыттары бойынша өздеріне міндеттемелер қабылдайды.

 

2-БӨЛІМ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ ШАРТТАРЫ

 

5-бап. Жастарды және жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту

  1. Ынтымақтастықтың мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:
  • сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау арқылы жастарды және Қазақстанның жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту;
  • өскелең ұрпақтың бойындасыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін бекіту;
  • жастарды және жастар ұйымдарын мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға тарту;
  • жастар саясаты мәселелеріне қатысты жобаларды іске асыруға күштерін біріктіру;
  • Агенттіктің және жастар ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимылдағыөзара іс-қимылын, тығыз әріптестігін нығайту;
  • студенттік ортада және жоғары мектепте сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша бірлескен шаралар қабылдау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар қозғалысын құру және дамыту, ортақ мақсаттарға жету үшін күштерді шоғырландыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсысауаттандыру және білім беру саласында жастардың бастамаларын қолдау және іске асыру.
  1. Бірлескен негізде іске асырылатын іс-шаралар:
  • жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау мәселелері бойынша бірлескен семинар сабақтарын, дөңгелек үстелдерді, кездесулерді, кеңестерді өткізу;
  • өскелең ұрпақ ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен жобаларды, акцияларды және басқа іс-шараларды іске асыру.

 

6-бап. Әйелдер және әйелдер ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту

  1. Отбасында, оның ішінде ерте жастан бастап өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынас құндылығына тәрбиелеу және сіңдіру ынтымақтастықтың мақсаты болып табылады.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:
  • сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау арқылы әйелдерді және әйелдер ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту;
  • әйелдерді және әйелдер ұйымдарын мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға тарту,олардың өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудегі рөлдерін арттыру;
  • Агенттіктің және әйелдер ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы өзара іс-қимылын, тығыз әріптестігін нығайту;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және білім беру саласында әйелдер ұйымдарының бастамаларын қолдау және іске асыру;
  • балаларды патриотизмге және Отанын сүюге адамгершілік тәрбиелеуді қалыптастыруға бағытталған шараларды әзірлеу.
  1. Бірлескен негізде іске асырылатын іс-шаралар:
  • өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде және білім беруде әйелдердің рөлін нығайтуға бағытталған бірлескен білім беру курстарын, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, дәрістерді, дөңгелек үстелдерді, конкурстарды және өзге де іс-шараларды өткізу;
  • өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен бағдарламаларды, жобаларды, акцияларды және басқа іс-шараларды іске асыру;

– қоғамның рухани-адамгершілік негізі ретінде отбасы институтын нығайтуға, қолдауға және қорғауға ықпал ететін іс-шаралар кешенін өткізу.

 

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың өкілдерін тарту

  1. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелерін кеңінен жариялау және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл саласында жүргізетін саясаты арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы күштерін шоғырландыру ынтымақтастықтың мақсаты болып табылады.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

– бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;

– қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық қызметтің тиімді тәсілдері мен әдістерін әзірлеуде күштерді біріктіру;

– мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу саласында қабылданатын шаралар туралы азаматтарды уақтылы ақпараттандыру.

  1. Бірлескен негізде іске асырылатын іс-шаралар:

– сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау мәселелері бойынша бірлескен семинар сабақтарын, дөңгелек үстелдерді, кездесулерді, кеңестерді өткізу;

  • қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен бағдарламаларды, жобаларды, акцияларды және басқа іс-шараларды іске асыру;

– сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл бойынша үздік репортаж, үздік мақала конкурстарын, республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастыру;

– баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық профилактикасына бағытталған басылымдарды қамтамасыз ету;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тиімді білімі мен тәжірибелерді тарату.

 

8-бап. Құқық қорғау, кәсіподақ, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардысыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту

  1. Ынтымақтастықтың мақсаты еңбек ұжымында, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және басқа орган қызметкерлерінің ортасында корпоративтік этиканы қалыптастыру болып табылады.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:
  • қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан саясатқа құқық қорғау, кәсіподақ, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарын тарту;
  • еңбек ұжымында, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және басқа орган қызметкерлерінің ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың нормаларын, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін, мемлекеттік сатып алуға қатысуды түсіндіру.
  1. Бірлескен негізде іске асырылатын іс-шаралар:
  • қоғамда құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің өзекті мәселелері бойынша ұсынымдарды талдауға және әзірлеуге бағытталған бірлескен семинарлар, конференциялар, соның ішінде ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • қолданыстағы заңнама нормаларының ережелерін, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін түсіндіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, тиісті ақпараттық-әдістемелік материалдарды әзірлеу және шығару.

 

9-бап. Мәдениет қайраткерлерді, кинематографиялық ұйымдарды және кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға, таратуға, пайдалануға және оларға азаматтарды тартуға байланысты басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту

  1. Ынтымақтастықтың мақсаты ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға қосу арқылы азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:
  • театр, музыка өнерін, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кинематографияны дамыту бойынша қызметті қолдау және үйлестіру;
  • баспа, кітап шығару, радио хабарларын тарату, телеарна және кинематоргафия саласындағы ынтымақтастық;
  • өнер туындыларын өндіруге және оларға өскелең ұрпақтың қосылуы үшін жағдай туғызу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
  1. Бірлескен негізде іске асырылатын іс-шаралар:

– кино өнімдерін, музыкалық және кітапхана өнімдерін шығаруды ұйымдастыру, сондай-ақ көмек көрсету, үздік еңбектерді ынталандыру және көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шығармашылық ынтымақтастықтың әр түрлі нысандарын дамыту;

– қоғамда құқыққа қарсы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты және сананы үгіттеуден немесе насиғаттаудан тұратын фильмдерді, театр көріністерін, әдеби және басқа да шығармаларды шығаруға және таратуға кедергі жасау;

– мәдениет және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда едәуір үлес қосқан ұйымдардың жұмыскерлерін көтермелеуге бағытталған конкурстар өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам арасында ахуалды қалыптастыру.

 

10-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктерді тарту

  1. Ынтымақтастықтың мақсаты Қазақстан халқының сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:
  • Рухани тәрбиелік және отан сүйгіштік бойынша ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру негізінде ынтымақтастық орнату;
  • Қазақстанда мекен ететін ұлттардың ұлттық салт-дәстүрдің мәдениетіндегі жемқорлық көріністеріне қарсы, олардың бұрмалануына, көзқарастың, түсініктің оң болуына кең көлемді ақпараттық насихат жүргізу;
  • «Мәңгілік Ел» идеологиясы аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  1. Бірлескен негізде іске асырылатын іс-шаралар:

– қоғамда сыбайлас жемқорлықа қарсы бірлескен негізінде семинарлар, конференциялар және басқа да форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру;

– Қазақстан халқының ұлттық-мәдениетінің дамуы, сыбайлас жемқорлық профилактика мәселелері бойынша конференциялар, форумдар, семинарлар және жұмыс бабындағы кездесулер өткізу және ұйымдастыру;

– бірлескен әлеуметтік сауалнама, ғылыми, мониторингтік зерттеулерді ұйымдастыру;

–  бірлескен этномәдени жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында біліктілігін арттыру және оқу;

– білім саласында, өнегелік тәрбие, отан сүйгіштік, адамгершілік және қайырымдылық бағыттары бойынша ынтымақтастық бағдарламаны іске асыру және әзірлеу;

– білім беру, әлеуметтік және мәдени қызметтің мәселелері бойынша  келісілген шешімдерді әзірлеу;

– қазақстандық заңнаманың талаптарына және нормаларына сәйкес рухани білім беруді дамытуға қолдау көрсету;

–  рухани-өнегелік ағарту саласында білім беру және тәрбие қызметін жетілдіру.

 

11-бап. Діни ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсымәдениетті қалыптастыруға тарту

  1. Ынтымақтастықтың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынас құндылығына тәрбиелеу меноны сіңдіруде және қоғамдасыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда діни бірлестіктердің әлеуетін пайдалану болып табылады.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

– діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды жасау кезінде, сондай-ақ өздерінің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни тәрбиелеу кезінде сыбайлас жемқорлықтың күнә екенін түсіндіру арқылы оның алдын алу;

– діни бірлестіктердің оқыту курстары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыруды жүргізу.

  1. Бірлескен негізде іске асырылатыніс-шаралар:

-діни сауаттандыру, адамгершілікке тәрбиелеу, мәдениет, білім беру және т.б.  проблемалар бойынша конференциялар, оқулар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кең ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу;

– дін ұстанушылары үшін ақпараттық-сауаттандыру материалдарын дайындау және серияларын шығару;

– діни бірлестіктер ұстанушыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарлатуға бағытталған іс-шаралар өткізу.

 

12-бап.Ғылыми, педагогикалық қызметкерлерді және ғылым мен білім өкілдерінің мүшелігіне негізделген қоғамдық бірлестіктерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту

  1. Ынтымақтастықтың мақсаты білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу қызметін күшейту және жандандыру, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын ұйымдастыру.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

-сыбайлас жемқорлық профилактикасы саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру қызметінұсынатын ұйымдарға әдістемелік және әдіснамалық құралдармен қамтамасыз ету көмегін көрсету;

-білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу;

– этикалық білім беру орталықтарын құру;

– жаңа көзқарасы, дұрыс идеологиясы, моральдық қағидаттары мен дәстүрлері бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда балаларды тәрбиелеу үшін жалпы білім беру, орта және жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұғырнаманы құру.

3.Бірлескен негізде іске асырылатын іс-шаралар:

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру, адамгершілікке тәрбиелеу, мәдениет, білім беру, патриотизм және т.б. проблемалар бойынша конференциялар, оқулар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;

-білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, типтік білім берудің оқу бағдарламаларына және білім берудің барлық деңгейлерінің типтік оқу жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізумәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

– сыбайлас жемқорлық профилактикасысаласында ғылыми зерттеу жүргізу;

– қазіргі қазақстандық жастарға білім беру және тәрбиелеу саласындабірлескен жұмыс тәжірибесін одан әрі жетілдіру мақсатында оны талдау және қорыту;

– этикалық (сыбайлас жемқорлыққа қарсы) білім беру сұрақтарымен толықтыру мақсатындаорта білім беру ұйымы үшін жекелеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қайта шығару бойынша ұсыныстар әзірлеу;

–  тиісті  мамандықтардың оқытушыларының біліктілігін арттыру мен оларды кәсіби қайта даярлаудың қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.

 

13-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға кәсіпкерлік субъектілерді және олардың қауымдастықтарын (одақтарын) тарту

  1. Ынтымақтастықтың мақсаты – Тараптардың демократиялық бастамаларды кеңейтуді, мемлекеттік басқарудың ашықтығын, ұлттық бизнестің транспаренттілігін қамтамасыз ету, корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы бірлескен және келісілген әрекеттері.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

– кәсіпкерлік суъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту;

– қоғамдық бақылауды күшейту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;

– мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ашықтықты енгізу;

– ұлттық заңнама нормаларын қолдану кезінде мемлекеттік қызметшілердің және кәсіпкерлік субъектілердің тарапынан болған бұзушылықтардың жолын кесу;

– қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және кәсіпкерлік субъектілерінің сыбайлас жемқорлықты түбімен жоюда жәрдемдесу бойынша әлеуметтік жауаптылықты қабылдаулары.

  1. Бірлескен негізде іске асырылатын іс-шаралар:

– сараптамалық қорытындыларды, талдау жазбаларын, есептерді, баяндамаларды, ұсынымдарды, соның ішінде оларды Агенттіктің жанындағы Қоғамдық кеңеске, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органныңТәртіптік комиссиясына енгізу үшін жасау.

– нормативтік құқықтық актілерге тұжырымдамалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық, нормативтік, нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу;

– Агенттікте құрылған жұмыс топтарына, алқа органдарына, соның ішінде  Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңеске, Мемлекеттік қызметі істері жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік кеңесіне қатысу;

– кездесулер, бірлескен келіссөздер және консультациялар өткізу, жария сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу;

– өзекті міндеттерді шешудің озық және жалпыға бірдей танылған әдістерін енгізу.

 

 

 

 

 

3-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

14-бап. Басқа шарттар

  1. Осы Келісімнің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қол қоюшылар екі ай мерзімде депозитариймен келісілген осы Келісімнің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын қабылдауға міндетті.
  2. Осы Келісімнің 14-бабы 1-тармақшасының ережесі Келісімге қосылуға ниет білдірген жеке тұлғаларға таратылмайды.

3.Осы Келісімнің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар бойынша барлық шығыстарды Келісімнің әр тарабы дербес көтереді.

  1. Осы Келісімнің мақсаттары мен міндеттерін мойындайтын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының қосылуы үшін Келісім ашық болып табылады.

Қосылу туралы актілерге қағаз жүзінде немесе электрондық форматта қол қойылуы мүмкін.

5.Осы Келісімнің 14-бабының 4-тармағында көрсетілген, осы Келісімге қосылуға ниет білдірген адамдар осы Келісімге қосылу туралы актіге                          (1-қосымша және 2-қосымша) қол қояды және оны депозитарийге жолдайды.

  1. Агенттік республикалық деңгейдегі заңды тұлғалар үшін осы Келісімнің депозитарийі болып саналады.
  2. Өңірлік деңгейдегізаңды тұлғалар үшін, олардың тіркелген жерлері бойынша, сонымен қатар, азаматтар үшін, олардың тұратын жерлері бойынша Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелері (Астана және Алматы қалалары, облыстар) Келісімнің депозитарийі болып табылады.

 

Құжаттар:

Жеке тұлғаларға арналған қосылу актісі

Заңды тұлғаларға арналған қосылу актісі