АРЫС ҚАЛАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Арнайы мониторингтік топтың мүшелері  «Арыс ақиқаты» газетінің редакторы А.Әбдімәлік, Арыс қалалық «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес мүшесі  С.Төлетаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Жахияев № 4 бастауыш мектебінің ұжымымен кездесті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

Кездесу барысында білім саласындағы өзекті мәселелермен қатар, Арнайы мониторингтік топтың құрылу себебі мен міндеттері, жоспарланған іс-шаралары талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *