АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕСІ ШАРДАРА АУДАНЫНДА

Әдеп жөніндегі кеңес және арнайы мониторингтік топ мүшесі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ОҚО филиалының директоры, «Азаматтық Альянс» ассоциациясының мүшесі А.Ахметов, облыс әкімінің кеңесшісіоблыстық жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев Шардара ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі әдептілігін жоғарылату, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау бойынша арнайы мониторингтік топтың жұмысымен таныстыру.

Кездесу барысында Абдулла Ахметұлы облыста ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің жанынан ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылғандығын, оның мақсатымен таныстырып өтті.

А.Ахметов мониторингтік топтың құрамына қоғам белсенділері енгенін хабарлады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы айта келе, мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы іспетті, оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайтындығын жеткізді.

Облыс әкімінің кеңесшісі – облыстық жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы 2017 жылы атқарылған жұмыстармен таныстырып, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің әдебіне кеңінен тоқталды.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Айта кетейік, облыстағы арнайы мониторингтік топтың                      8775 869 21 21 WhatsApp нөмірі, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде (facebook.com – Арнайы мониторинг тобы ОҚО, Instagram – Арнайы мониторинг тобы ОҚО, Vk.com – Арнайы мониторинг тобы ОҚО) арнайы парақшалары бар екендігін хабарлаймыз.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *