АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕСІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына бағынысты мекемелердің басшыларымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және еңбек қатынастары заңнамаларының сақталуы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының жалпы бөлім басшысы Д.Абдуллаева, Арнайы областық мониторингтік топтың мүшесі Д.Маманова, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының өкілі Қ.Асылбеков қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын сыртқы талдау және бағалауды іске асыру бойынша арнайы мониторингтік топтың жұмысымен таныстыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «еңбек қатынастары заңнамаларының сақталуын түсіндіру.

Іс-шара барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар көтерілген мәселер бойынша пікір алмасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *