АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІ БІРҚАТАР МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

“Нұр Отан” партиясы Сайрам аудандық филиалы және Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының, облыстық Арнайы мониторингтік топтың бірлескен отырысы өткізілді.

Іс-шарада Сайрам аудандық “ҚазТрансГаз” АҚ, Сот медициналық сараптамалық орталығы аудандық филиалы, аудандық оқу өндірістік комбинаты, аудандық қазынашылық басқармасының  басшылары мен  Ақсукент ауыл округі әкімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы есептері тыңдалды.

Отырысқа облыстық және Сайрам аудандық арнайы мониторингтік топтың мүшелері Р.Жүнісова, С.Сағындықов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ғ.Жүндібаев, аудандық сот төрағасы Б.Тыныбеков, аудан прокуроры О.Абдраманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның аудандық басқармасының басшысы Н.Ізтілеуов, ҰҚК аудандық басқармасының басшысы Е.Есқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Ж.Сүлейменов және дербес бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысып, ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық, аудан,қалалық арнайы мониторингтік топ құрылған. Оның құрамына азаматтық қоғам институттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлер енген.

Арнайы мониторингтік топ мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы көпір ретінде қызметтің барлық салаларында азаматтық бақылауды жүзеге асырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *