АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

Арыс қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Е.Маханов, Персоналды басқару бөлімінің басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшесі Б.Тағаев, арнайы мониторингтік тобының мүшесі С.Тулетаевтың қатысуымен қаланың орталық кітапханасының, төтенше жағдайлар басқармасының, №2 бастауыш мектебінің, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, қалалық емхананың  ұжымымен кездесулер өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы                        іс-қимылға кеңінен тарту, қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Арнайы мониторингтік топ – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асыру барысын бағалауға бағытталған кеңесші орган. Оның құрамына азаматтық қоғам институттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлер енді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *