АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ (әрі қарай – Арнайы мониторингтік топ) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган болып табылады.

Негізгі мақсаты мен міндеті – стратегияның іске асырылуына сыртқы талдауды және бағалауды жүргізу, сондай-ақ орындалу сапасын жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу.

Арнайы мониторингтік топ өз қызметінде қоғамдық бастамалық қызметтерді, жариялық және ашықтықтықты қамтамасыз етеді.

Осы мақсатта, 2018 жылдың 15 ақпан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті жанындағы облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерімен 2018 жылдың жұмыс жоспарын талқылау бойынша кездесу өтті.

Кездесуге төрағалық еткен Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев арнайы мониторингтік топты – азаматтық бақылаудың бірегей институты ретінде мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізу барысында белсенділік танытуға және тиімділігін арттыру мақсатында оның құрамын кеңейту бойынша қатысушыларға ұсыныс берді.

Кездесу барысында топ мүшелері мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен халыққа қолжетімділігін жақсарту мақсатындағы пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *