«АППАК» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлері «Аппак» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдардың негізгі ережелері түсіндірілді.

Іс-шарада сөз алған Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарымен, жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда қайда хабарласу қажеттігімен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, Жазира Салханқызы Агенттік тарапынан қолға алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жаңа жобаларды атап өтті.

Сондай-ақ, Департаменттің бас маманы Г.Мұсабекова мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына, Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, қызмет алушы мен қызмет берушілерді тікелей байланысқа түспеу мақсатында қызметтерді тек ХҚКО мен egov.kz порталы арқылы алу жолдарын түсіндірді.

Айта кетейік, «АППАК» ЖШС – уран өндіру өнеркәсібімен айналысатын алғашқы біріккен қазақстан-жапон кәсіпорны.

Компания «Мыңқұдық»  кен орнының «Батыс» учаскесін қазу мақсатында 2005 жылы құрылды. Оны құрған кезінде оның дара құрылтайшысы  «Казатомпром» ҰАК» АҚ болды.

2006  жылғы 6 шілдеде «АППАК» ЖШС қатысу үлесін жаңадан бөлуге байланысты қайта тіркелді: «Казатомпром» ҰАК» АҚ – 65%, Sumitomo Corporation – 20% және The Kansai Electric Power – 15%.  «АППАК» ЖШС құру аталмыш компаниялар арасындағы стратегиялық серіктес бағдарламасын іске асырудың бірінші бөлігі болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *