«АДАЛ БОЛ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Елбасы Жолдауының сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған бесінші басымдығына білім салалары мекемелері белсенді түрде қолдау көрсетуде.

Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғимаратында «Адал бол» акциясын ұйымдастырды.

Акцияға 12 жоғары оқу орындарының басшылары мен білім бөлімінің басшысы, 100-ге жуық студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев ашып берді.  Әли Амантайұлы академиялық адалдық қағидаты студенттерді білім алу үрдісіндегі тәртіпке қана үйретіп қоймай, білімге деген жеке адалдық пен жауапкершіліктерін арттыратындығын атап өтті.

ОҚМУ бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Ж.Айменов «Адалдық – рухани жаңғырудың басты қағидасы» тақырыбында баяндама жасап, жастарды патриоттық тәрбиелеудің аса маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Тәжиева «Адал болу – Адал ұрпақтан басталады» дей келе, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының Шымкент қалалық ассоциациясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру эстафетасын облыстың жоғары оқу орындарына тапсырды.

Әрі қарай, студенттік және академиялық ортадағы жемқорлық жағдайларын барыша азайтуға және жоюға бағытталған жұмыстарын әр ЖОО-ы арнайы дайындаған «адалдық» бейнероликтері арқылы көрсетті.

Акция соңында, үшінші курс студенті Н.Жүрсін барлық студенттердің атынан ЖОО-ы қабырғаларында ашық және сыбайлас жемқорлықсыз, әділдік, теңдік үстемдік ететіндігін жариялады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *