Агенттік ескертеді – Жасырын мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жасырылады

Жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев алқа отырысын өткізді.

Алқа отырысы барысында ол мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың негізгі басымдықтарын атап өтті.

Азаматтық қоғам институттарының рөлі арта түскендігі ерекше атап өтті. Мысалы, 2017 жылы алғаш рет азаматтық қоғам өкілдерімен қызмет көрсету сапасын бақылау тәжірибесі енгізілді. Бұл көптеген ХҚКО, мемлекеттік кіріс мекемелері, табиғи монополия субъектілері және басқа да ұйымдардағы қызметті жетілдіруге ықпал етті.

900-ден астам тексерулердің нәтижелері бойынша 370 мың бұзушылық анықталды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша еңбек, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және азаматтарды тіркеу салалары аутсайдер болды.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы мемлекеттік қызметті алушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру үдерісі жалғасатын болады.

Өткен жылы мемлекеттік қызметтің 72% электронды түрде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілгендіктен, бұл саладағы тұрмыстық жемқорлықты айтарлықтай азайтады. Жалпы алғанда, соңғы 3 жылда электронды түрде ұсынылатын қызметтердің саны 21% -ға, ХҚКО арқылы 12% -ға өсті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің 2 есе азаюына әкелді (2014 жылы 60%, 2017 жылы 28%).

Мемлекеттік қызметтердің тізілімін кеңейту мәселесі өзекті болып қалуда. Бүгінгі күні 746 мемлекеттік қызмет стандартталған және регламенттелген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін Агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдері әлдеқайда жоғары болатын жасырын қызметтерді анықтауда.

2017 жылы Агенттікпен 300-ден астам жасырын қызметтер анықталды. Негізінен инвестициялар және даму, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау министрліктері саласындағы қызметтерде.

Агенттіктің бастамасы бойынша, анықталған жасырын қызметтердің 54-і  тізілімге енгізілсе, ал тағы 50-і – қосу кезеңінде.

«Өзгерістерді ескере отырып, адамға және оның қажеттіліктеріне назар аударып, инновациялық және клиентке бағдарланған мемлекеттік қызметке уақытында көшуіміз керек», – деді өз сөзінде Алик Шпекбаев.

        

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *